Зәбүр
2 Кім Ехобаның құдіретті істерін түгелдей жариялай алады?
Мадаққа лайық істерінің бәрін кім айтып жеткізе алады+?
3 Әділдік жолын ұстанатындар,
Әрдайым дұрыс әрекет ететіндер бақытты+.
4 Уа, Ехоба, халқыңа ықыласыңды түсіргенде, мені ұмыта көрмеші+.
Қамқорыңа алып, құтқара көрші.
5 Таңдап алған адамдарыңа+ көрсеткен ізгілігіңе мен де ортақтасайын,
Халқыңмен бірге қуанайын,
Меншікті иелігіңмен бірге өзіңді мақтан тұтып даңқтайын.
7 Олар Мысырда сенің керемет істеріңнің мәнін ұқпады.
Ұлан-ғайыр айнымас сүйіспеншілігіңді есте ұстамады,
Қайта, теңіздің, Қызыл теңіздің, бойында бүлік шығарды+.
9 Бұйырып еді, Қызыл теңіз құрғап қалды;
Шөл даламен алып жүргендей,
Оларды теңіз түбімен алып шықты+.
11 Жауларын сулар басып қалды,
Бірде-біреуі аман қалмады+.
15 Сонда ол сұрағандарын берді,
Бірақ артынан індет жіберіп, әбден әлсіретті+.
17 Сонда жер жарылып, Датанды жалмап қойды,
Әбирамға ергендерді де көміп қалды+.
18 Тобырларының арасында от лаулады,
Зұлымдарды от жалыны жалмады+.
19 Халық Хорибте бұзау мүсінін жасады,
Қолдан құйылған пұтқа табынды+.
20 Оның ұлылығын шөп жейтін бұқаның мүсініне алмастырды+.
21 Мысырда құдіретті істер жасаған+
Құтқарушы Құдайларын ұмытты+.
23 Құдай оларды құртуды бұйырмақшы еді,
Бірақ таңдап алған қызметшісі Мұса араша түсіп,
Жойқын қаһарынан қайтуын өтінді+.
26 Сондықтан ол қолын көтеріп ант етті,
Оларды шөл далада құртатынын+,
27 Ұрпақтарын ұлттар арасында жер құштыратынын,
Шартарапқа бытыратып жіберетінін мәлім етті+.
30 Бірақ Пінехес тұрып, іске араласты,
Сонда апат тоқтады+.
31 Сол үшін ол әділ деп саналды,
Ұрпақтан ұрпаққа солай болды+.
34 Олар Ехобаның бұйрығын орындамады,
Маңындағы халықтарды жоймады+.
37 Өз ұлдарын құрбандыққа шалды,
Қыздарын жындарға ұсынды+.
38 Олар ұл-қыздарының,
Жазықсыз жандардың, қанын төге берді+,
Оларды Қанахан пұттарына құрбандыққа берді+,
Осылай қанды судай төгіп, елді арамдады.
39 Жасаған қылықтарымен арамдалды,
Осындай істерімен жезөкшелікке салынды+.
40 Сондықтан халқына Ехобаның қаһары қайнады,
Меншікті иелігіне жирене қарады.
41 Өздерін жек көргендер оларға билік етсін деп,
Құдай оларды өзге ұлттардың қолына беретін+.
42 Жаулары қыспақтап қанайтын,
Билеп-төстеп қорлайтын.
43 Құдай оларды көп рет құтқарды+,
Бірақ олар мойынсұнбай, бүлік шығаруын қоймады+,
Күнәларының кесірінен құлдырады+.
45 Солардың игілігі үшін келісімін еске алатын,
Айнымас сүйіспеншілігі мол болғандықтан жаны ашитын+.
46 Тұтқында ұстағандардың бәріне
Оларды мүсіркетіп қоятын+.
Киелі есіміңе алғыс айтайық,
Өзіңді мадақтап шаттанайық+.
48 Лайым Исраилдің Құдайы Ехоба мәңгі бақи мадақтала берсін+!
Барша халық “Аумин!” десін.
Ехобаны* мадақтаңдар!