7 Әділ адам үшін біреудің өз өмірін құрбан етуі екіталай, ал ізгі адам үшін өмірін қиятын біреу табылатын шығар. 8 Құдай болса бізге сүйіспеншілік танытты, өйткені әлі де күнәкар болып жүрген біздер үшін Мәсіх өмірін қиды+.
5Ендеше сүйікті балалары ретінде Құдайға еліктеңдер+, 2 Мәсіх іспетті сендер де сүйіспеншілік жолымен жүріңдер+. Ол бізді* сүйді+, әрі біз* үшін өмірін қиып, Құдайға хош иісті құрбандық ретінде берді+.
16 Оның біз үшін өз жанын бергенінің арқасында біз сүйіспеншіліктің не екенін білдік+, сондықтан біз де бауырластарымыз үшін жанымызды қиюға міндеттіміз+.