Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2023)
Шығу
Кіру
Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
Хабарландыру
Жаңадан қосылған тілдер: Nuer, Pitjantjatjara
  • Бүгін

22 наурыз, сәрсенбі

Оларды көп нәрсеге үйрете бастады (Мар. 6:34).

Бірде қалың жұрт Исаны көруге келеді. Иса болса сол түні ұйықтамай, дұға етіп шыққан еді. Ол шаршап тұрса да, келген кедей-кепшіктер мен ауру адамдарды көргенде, жаны ашып, оларға көмектеседі. Иса оларды сауықтырып қана қоймай, тарихтағы ең әсерлі баяндамасы — Таудағы уағызын айтады (Лұқа 6:12—20). Иса өзіне арналған уақытын да аямаған. Досы Жақияның басы алынғанда, Исаның қандай күй кешкенін елестетіп көріңізші. Киелі кітапта: “Бұны [яғни Жақияның өлтірілгенін] естігенде, Иса оңаша болу үшін бір елсіз жерге қайықпен жүзіп кетті”,— делінген (Мат. 14:10—13). Бірақ жұрт сол жерге бірінші жетіп, оны күтіп тұрды (Мар. 6:31—34). Ол халықтың рухани жүдеу күйде жүргенін көріп, “оларды аяп кетті” (Лұқа 9:10, 11). w22.02 21-б., 4, 6-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2023

23 наурыз, бейсенбі

Барлық адамдармен тату болыңдар (Рим. 12:18).

Егер біреуді ренжітіп қойсақ, қалай әрекет еткеніміз жөн? Ехобаға жалбарына дұға айтайық, бауырласымызбен татуласуға көмектесуін сұрайық. Біз уақыт бөліп, мына сұрақтар жайлы ой жүгірткеніміз дұрыс: мен намысымды ысырып, кішіпейілділікпен кешірім сұрап, бауырласыммен татуласуға дайынмын ба? Татуласуға бірінші болып қадам жасасам, Ехоба мен Иса не сезінеді? Осы екі сұрақ жайлы ойланып, бір түйінге келсек, Исаны тыңдауға бекінеміз. Сонда бауырласымызбен татуласу үшін кішіпейілділікпен сөйлесуге асық боламыз. Біз бауырласымызбен татуласамыз деп барсақ, кішіпейіл қалпымыздан айнымағанымыз жөн (Ефес. 4:2, 3). Біздің мақсатымыз бауырласымыздың көңіліндегі ренішін сейілтіп, жақсы қарым-қатынасымызды қалпына келтіру болу қажет. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін көрсету емес, арамызда татулық орнату маңыздырақ екенін ұмытпайық (Қор. 1-х. 6:7). w21.12 25, 26-б., 13—16 абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2023

24 наурыз, жұма

Иса қалаға қарап, жылап жіберді (Лұқа 19:41).

Жұрт Исаны жақсы қарсы алса да, оның жүрегі ауырды. Өйткені ол яһудилердің басым бөлігі ізгі хабарды қабылдамайтынын білді. Соның кесірінен Иерусалим жойылып, ал аман қалған яһудилер құл болмақ еді (Лұқа 21:20—24). Өкінішке қарай, Иса айтқандай-ақ, халықтың басым бөлігі одан бас тартты. Ал сіз тұратын жерде адамдар ізгі хабарға қалай қарайды? Аз ғана адам құлақ аса ма? Солай болса, Исаның жылағанынан қандай сабақ алсаңыз болады? Ехоба адамдардың қамын ойлайды. Исаның жылағанынан Ехобаның адамдар үшін қаншалықты қам жейтінін білуге болады. “Ол бірде-бір адамның жойылмай, бәрінің өкінгенін қалайды” (Пет. 2-х. 3:9). Бүгінде біз де адамдарға ізгі хабарды айту үшін барымызды салсақ, оларды жақсы көретінімізді көрсетеміз (Мат. 22:39). w22.01 16-б., 10—12 абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2023
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2023 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу