34 Есау 40 жасқа толғанда, хеттік Бегеридің қызы Ехудитті және хеттік Елонның қызы Басематты әйелдікке алды+. 35 Бұл әйелдер Ысқақ пен Рабиғаны қайғыға батырды+.
46 Осыдан кейін Рабиға Ысқаққа: “Хет қыздарының кесірінен өмірім — өмір емес+. Егер Жақып та әйелді осындай Хет қыздарынан, осы жердің қыздарынан, алатын болса, онда өмір сүріп қайтемін?!”— деумен болды+.