-
Жоханның 1-хаты 3:10—12Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
10 Құдайдың балалары мен Ібілістің балаларын мынадан білуге болады: әділ әрекет етпейтін кісі де, бауырласын сүймейтін кісі де Құдайдан емес+. 11 Себебі сендер бастапқыда естіген хабар мынау: біз бір-бірімізді сүюге тиіспіз+. 12 Інісін жауыздықпен өлтірген Зұлымның* адамы Қабыл сияқты болмауымыз керек+. Ол інісін не үшін өлтірді? Өйткені оның істері зұлым+, ал інісінікі әділ еді+.
-