-
Мұсаның 5-жазбасы 17:14, 15Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
14 Ехоба Құдайларың бергелі отырған жерге кіріп, оны иемденіп, орнығып алған соң, сендер: “Айналамыздағы барлық халықтар сияқты, біз де өзімізге патша тағайындап алайық”,— дейтін боласыңдар+. 15 Сонда Ехоба Құдайларың таңдаған адамды патша етіп тағайындаңдар+. Патшаны бауырларыңның арасынан тағайындаңдар. Бауырың емес жатжерлік адамды патша етуші болмаңдар.
-
-
Шежірелер 1-жазба 1:43—50Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
43 Исраилдіктерді патша билемей тұрғанда, Едом жерінде+ келесі патшалар билік құрды+: Беғор ұлы Бела, оның қаласы Динхаба деп аталды. 44 Бела қайтыс болған соң, оның орнына босралық+ Зарах ұлы Жобаб патша болды. 45 Жобаб дүниеден өткен соң, орнына темандықтардың жерінен шыққан Хушам патша болды. 46 Хушам көз жұмған соң, Моаб жерінде Мадиянды жеңген Бедат ұлы Хадад оның орнына патша болды. Хададтың қаласы Ауит деп аталды. 47 Ал Хадад қайтыс болғаннан кейін, билік басына масректік Самла келді. 48 Самла дүниеден өткен соң, орнына Шаул патша болды. Ол өзеннің бойында орналасқан Рехоботтан еді. 49 Шаул қайтыс болған соң, орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан билік ете бастады. 50 Бағал-Ханан дүние салғаннан кейін, орнына Хадад патша болды. Оның қаласының аты Пау еді. Ал әйелінің аты — Мехетабел. Ол Матредтің қызы, Месахабтың немересі болатын.
-