5 Кейінірек Мысыр патшасына исраилдіктер қашып кетті деген хабар жетті. Сол-ақ екен, перғауын мен қызметшілері халықты жібергендеріне өкініп+: “Бұл не істегеніміз? Бізге құл болып жүрген Исраил халқын неге босатып жібердік?”— десті.
9 Олардың соңына түскен мысырлықтар+ — соғыс арбалары мен салт аттылары, перғауынның әскері — исраилдіктерді Пи-Хахироттың жанында, Бағал-Сепонға қарама-қарсы теңіз жағалауында қос тігіп отырған жерінде қуып жетті.