14 Бұдан кейін Мұса Қадештен Едом патшасына келесідей сөздермен хабаршылар жөнелтті+: “Бауырыңыз Исраил+ былай дейді: —Біздің қаншама қиындық көргенімізді өзіңіз де жақсы білесіз.
17 Өтінеміз, жеріңіз арқылы өтіп кетуімізге рұқсат етіңіз. Сіздің егістіктеріңізбен де, жүзімдіктеріңізбен де жүрмейміз, құдықтарыңыздан да су ішпейміз. Жеріңізден өтіп кеткенше, оңға да, солға да бұрылмай, тек Патша жолымен жүріп отырамыз+”.
21 Исраил аморлықтардың патшасы Сихонға хабаршыларын жіберіп+: 22 “Жеріңіз арқылы өтуге рұқсат етіңіз. Егістік не жүзімдік жерлеріңізге бұрылмаймыз. Құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Жеріңізден өтіп кеткенше, тек Патша жолымен жүріп отырамыз”+,— деді.