-
Мұсаның 3-жазбасы 14:15—18Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
15 Сосын бір лог майдың+ біразын өзінің сол алақанына құйып алсын да, 16 оң қолының саусағын сол майға батырып, Ехобаның алдында жеті рет бүркісін. 17 Сондай-ақ алақанындағы майдан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолы мен оң аяғының бас бармағына жағылған айып құрбандығының қанының үстіне жақсын. 18 Алақанында қалған майды діни қызметкер оның басына жағып, Ехобаның алдында күнәсін өтейді+.
-