-
Мұсаның 3-жазбасы 14:3, 4Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
3 Діни қызметкер қостың сыртына шығып, науқасты қарап шықсын. Егер ол алапесінен айыққан болса, 4 діни қызметкер оған екі адал құсты, қарағай бұтағын, ал қызыл түсті жіп пен сайсағыз өсімдігін әкелуді бұйырсын.
-
-
Мұсаның 4-жазбасы 19:6, 7Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
6 Діни қызметкер қарағай бұтағын, сайсағыз өсімдігі+ мен ал қызыл жіп алып, жанып жатқан тананың үстіне лақтырсын. 7 Бұдан кейін ол киімін жуып, суға шомылсын. Сосын қосқа кіруіне болады, бірақ кешке дейін таза емес болып есептеледі.
-