23 Арада ұзақ уақыт өтіп, Мысырдың патшасы қайтыс болды+. Бірақ исраилдіктер бұрынғысынша құлдықтың езгісінен күңіреніп, зар иледі. Олардың көмек сұрап жалбарынған даусы Құдайға жетіп жатты+.
7 Сосын Ехоба мынаны айтты: “Мен Мысырдағы халқымның тартқан қасіретін көрдім, өздерін ауыр жұмысқа салғандардың кесірінен зар илеген дауыстарын естідім. Сондай-ақ олардың қандай азап шегіп жатқанын жақсы білемін+.