19 Мен Ыбырайымды жақсы білемін, әрі оның өз ұлдарына және үрім-бұтағына Ехобаның жолынан таймай, тура да әділ нәрсені істеуді өсиет ететініне сенімдімін+. Сонда Ехоба оған уәде еткендерінің бәрін орындайды”.
9 Өз көздеріңмен көргендерді естен шығармау үшін және оларды өмір бойы жүректе сақтау үшін, өздеріңе мұқият болып, сақ жүріңдер. Сондай-ақ олар жайлы ұлдарың мен немерелеріңе айтып беріңдер+.