-
Мұсаның 4-жазбасы 14:1—4Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
14 Сол кезде бүкіл қауым дауыс көтеріп жылады. Содан олар түні бойы зар еңіреумен болды+. 2 Исраилдіктердің бәрі Мұса мен Харонға күңкілдей бастады+. Бүкіл қауым оларға қарсы сөйлеп: “Одан да Мысыр елінде немесе осы шөл далада өле қалғанымыз жақсы еді ғой! 3 Неге ғана Ехоба бізді сол жерге алып келе жатыр? Семсердің жүзімен қыру үшін бе+? Әйелдеріміз бен бала-шағамыз жауға олжа болмақ+. Одан да Мысырға қайтқанымыз жөн емес пе+?”— деді. 4 Тіпті олар бір-біріне: “Кәне, басқа бір басшы таңдап алып, Мысырға қайтайық+!”— десті.
-