14 Лұт бөлініп кеткеннен кейін, Ехоба Ыбырамға былай деді: “Айналаңа көз тастап, өзің тұрған жерден солтүстік пен оңтүстікке, шығыс пен батысқа қарашы. 15 Көз алдыңдағы осы жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа мәңгілікке беремін+.
3 Осы елде жатжерлік ретінде тұра бер+. Мен саған бұдан былай да жар болып, батамды төгемін. Өйткені осы жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа беріп+, әкең Ыбырайымға берген келесі антымды орындаймын+:
13 Ал баспалдақтың жоғарғы жағында Ехоба тұрды. Ол былай деді: “Мен атаң Ыбырайымның және әкең Ысқақтың Құдайы Ехобамын+. Өзің жатқан осы жерді саған және сенің ұрпағыңа беремін+.