-
Ешуа 12:2, 3Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
2 Олардың бірі — Хешбонда тұрған аморлықтардың патшасы Сихон+. Оның қол астында келесі аймақтар болды: Арнон аңғарымен ұштасып жатқан Арогер қаласы+; Арнон аңғарының+ ортасынан аммондықтардың шегарасы болған Ябок аңғарына дейінгі Ғалақат жерінің жартысы; 3 сондай-ақ Арабаның шығысындағы Кинерет теңізіне*+ дейінгі жер, ал шығыстан Бет-Ешимотқа қарай Арабадағы Тұзды теңізге* және Физга жоталарына+ дейінгі жерлер де соның билігінде болды.
-