-
Мұсаның 4-жазбасы 21:21—26Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
21 Исраил аморлықтардың патшасы Сихонға хабаршыларын жіберіп+: 22 “Жеріңіз арқылы өтуге рұқсат етіңіз. Егістік не жүзімдік жерлеріңізге бұрылмаймыз. Құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Жеріңізден өтіп кеткенше, тек Патша жолымен жүріп отырамыз”+,— деді. 23 Бірақ Сихон Исраилге өз жерімен өтуге рұқсат етпеді. Қайта, күллі халқын жинап, шөл далада тұрған Исраилге қарсы аттанды. Яхасқа келіп, исраилдіктермен шайқасты+. 24 Исраилдіктер оларды семсердің жүзімен қырып салып+, Арнон+ мен Ябоктің арасындағы+, аммондықтармен іргелес жатқан өлкені басып алды+. Бірақ Жазерден+ әрі асқан жоқ, өйткені ол аммондықтардың шегарасы+ еді.
25 Исраилдіктер аморлықтардың барлық қаласын басып алды+. Сөйтіп, сол қалаларға және Хешбон мен оған қарасты* қалашықтарға қоныстанып алды. 26 Хешбон аморлықтардың патшасы Сихонның қаласы еді. Кезінде ол Моаб патшасымен шайқасып, оның Арнонға дейінгі барлық жерін тартып алған болатын.
-