5 Егер бір жерде тұрып жатқан ағайындылардың біреуі ұл сүймей қайтыс болып кетсе, оның әйелі бөтен біреуге шықпасын. Оған күйеуінің бауыры үйленіп, әмеңгерлік міндетін атқарсын+. 6 Сол әйелдің тұңғыш ұлы қайтыс болған күйеуінің баласы болып есептеледі+. Сонда Исраилден марқұмның аты өшпейді+.