10 Сөйтіп, олар жан аямай соғысып, исраилдіктер ойсырай жеңілді де+, әрқайсысы өз шатырына қашып кетті. Қан судай ақты; исраилдіктерден 30 000 жаяу жасақ жер құшты. 11 Бұған қоса, Құдайдың келісім сандығы жау қолына түсті, ал Елидің ұлдары Опни мен Пінехес қаза болды+.