-
Мұсаның 3-жазбасы 24:7—9Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
7 Әр бөліктің үстіне таза ладаннан қой. Ол еске салатын тарту+ ретінде Ехобаға арнап өртеледі. 8 Күлшелер Демалыс күн сайын Ехобаның алдына қойылсын+. Бұл — исраилдіктермен мәңгілікке жасалған келісім. 9 Олар Харон мен оның ұлдарына тиесілі+. Күлшелер Ехобаға өртеп ұсынатын құрбандықтан діни қызметкерге тиген аса киелі үлес болғандықтан, қасиетті орында желінсін+. Бұл — мәңгілікке берілген нұсқау”.
-
-
Марқа 2:25, 26Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
25 Ол былай деп жауап қайырды: “Дәуіттің жейтін азығы таусылып, өзінің де, қасындағылардың да қарны ашқанда не істегені туралы ешқашан оқымап па едіңдер+? 26 Жоғарғы діни қызметкер* Әбиятар+ туралы жазылғандарға сай, Дәуіт Құдай үйіне кіріп, діни қызметкерлерден басқа ешкімнің жеуіне болмайтын Құдайға тарту ретінде ұсынылған нандарды+ өзі де жеп, қасындағыларға да бергенін білмейсіңдер ме?”
-