-
Самуилдің 1-жазбасы 2:14—16Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
14 оны кез келген ыдысқа салып жіберіп, ілінген етті діни қызметкерге алып кететін. Олар Шилоға келген исраилдіктердің барлығына осылай істейтін. 15 Мұнысымен қоймай, діни қызметкердің қызметшісі құрбандықтың майы өртелмей тұрып келетін де+, құрбандық әкелген кісіге: “Діни қызметкерге қуыратын ет бер. Ол піскенін емес, шикісін ғана алады”,— дейтін. 16 Әлгі адам: “Алдымен майы өртелсін+, содан кейін қалағаныңды ала бер,— десе, қызметші оған: —Дәл қазір бер, әйтпесе тартып аламын!”— деп зекитін.
-