-
Шежірелер 2-жазба 8:7—10Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
7 Исраилдіктердің арасында+ хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер мен ебустіктер+ тұрып жатты. 8 Бұлар кезінде исраилдіктер жоймаған халықтардың ұрпақтары еді+. Сүлеймен оларды басыбайлы қызметші етіп, ауыр жұмысқа салып қойды. Бұл жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді+. 9 Бірақ ол исраилдіктердің ешқайсысын өзіне жұмыс істейтін құл етпеді+. Олар патшаның сарбаздары, көмекшілерінің басшылары, сондай-ақ арбакештері мен салт атты жігіттерінің басшылары болды+. 10 Сүлейменнің түрлі істерін басқарып, халықтың үстінен қарайтын 250 жетекші аймақ әкімі болды+.
-