-
Шежірелер 2-жазба 9:17—19Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
17 Бұған қоса, патша піл сүйегінен үлкен тақ жасатып, саф алтынмен қаптатты+. 18 Тақтың алдында алты баспалдағы және таққа бекітілген табан тіреніші болды. Ал екі жағына шынтақ сүйеніштер жасалды, олардың әрқайсысының жанында бір-бір арыстан+ мүсіні тұрды. 19 Алты баспалдақтың екі жағына 12 арыстан+ мүсіні қойылды. Ешбір патшалықта бұндай нәрсе жасалып көрмеген еді.
-