19 Содан Ілияс жолға шықты. Ол Шафат ұлы Елішені 12 жұп бұқаны алдына салып, жер жыртып жүрген жерінен тапты. Еліше 12-нші болып жегілген соңғы бұқаларды айдап келе жатыр екен. Ілияс оның жанынан өтіп бара жатып, шапанын+ оның үстіне жаба салды.
21 Еліше қайтып келген соң, екі бұқасын сойды да, мойынтұрығы мен соқаларын отын қылып, етін пісіріп, жұртқа үлестіріп берді; олар содан жеді. Бұдан кейін барып, Ілиясқа ерді. Осылай Еліше оның қызметшісі болды+.