-
Ишая 37:8—13Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
8 Осы аралықта рабшақ Ассирия патшасының Лахиштен әскерінің басын бұрғанын естіп, кері қайтты. Ол патшаны Либнамен соғысып жатқан жерінен тапты+. 9 Ассирия патшасы Эфиопия патшасы Тиргактың өзіне қарсы аттанғанын естіді. Сонда ол Езекияға мынадай хабармен елшілерін жіберді+: 10 “Яһуда патшасы Езекияға былай деңдер: —Өзің арқа сүйеп отырған Құдайың “Иерусалим Ассирия патшасының қолына берілмейді” деп сені алдамасын+! 11 Ассирия патшаларының не істегенін естідің ғой: олар барлық елдерді жойды+. Ендеше сен қалай аман қалмақсың? 12 Менің ата-бабаларым құртып жіберген халықтардың құдайлары оларды құтқара алды ма+? Ғозан, Харан+, Ресеф пен Тел-Ассардағы Едемнің халқы қайда қалды? 13 Хамат пен Арпадтың патшалары, Сефараим+, Хена мен Ибба қалаларының патшалары қайда?”
-