-
Ишая 38:1—3Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
38 Сол күндері Езекия науқастанып, өлім аузында жатты+. Сонда оған Амос ұлы Ишая пайғамбар+ келіп: “Ехоба саған мынаны айтады: —Үй ішіңе нұсқаулар бер, себебі сен айықпайсың, көз жұмасың”,— деді+. 2 Мұны естіген Езекия бетін қабырғаға қарай бұрып, Ехобаға дұға етті. Ол: 3 “Уа, Ехоба, жалынамын, адалдығымнан таймай, бар жүрегіммен беріле қызмет етіп+, саған ұнамдыны істеп келгенімді есіңе ала көрші+”,— деді де, өксіп қоя берді.
-