-
Патшалар 1-жазба 7:16Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
16 Сондай-ақ бағаналардың басына қою үшін екі тәж құйды. Тәждердің биіктігі 5 шынтақтан болды.
-
-
Еремия 52:21—23Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
21 Әр бағананың биіктігі 18 шынтақ*, ал ені жіппен айналдыра өлшегенде 12 шынтақ болатын+. Іші қуыс осы бағаналардың қалыңдығы төрт елі* еді. 22 Бағананың төбесіне мыстан жасап қойылған тәждің биіктігі 5 шынтақ болатын+. Тәжді безендірген тор мен айналдыра орнатылған анар жемістері түгел мыстан жасалған еді. Екінші бағана мен ондағы анарлар да дәл осындай еді. 23 Бағананың беткі жағында 96 анар, ал барлығы торды айналдыра 100 анар орнатылған болатын+.
-