-
Патшалар 1-жазба 7:48—50Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
48 Сүлеймен Ехобаның үйіне арналған барлық бұйымдарды жасап бітірді. Ол алтын құрбандық үстелін+, нан тартуы қойылатын алтын үстел+ жасады. 49 Сонымен қатар түпкі бөлменің алдына оң және сол жаққа бес-бестен қою үшін саф алтыннан шамдалдар+ жасады, сондай-ақ алтын гүлдер+, шамдар мен қысқаштар+ жасады. 50 Ал керсендер, шам сөндіргіштер+, табақтар, тостағандар+ мен шоқсалғыштарды+ саф алтыннан жасады. Киелі үйдің түпкі бөлмесінің, яғни Ең қасиетті бөлменің, сондай-ақ Қасиетті бөлменің есіктерінің топсалары+ да алтыннан жасалды.
-
-
Шежірелер 2-жазба 4:8Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
8 Сонымен қатар ол он үстел жасап, бесеуін Қасиетті бөлменің оң жағына, бесеуін сол жағына қойды+. Патша 100 алтын табақ та жасады.
-