-
Патшалар 1-жазба 15:17—19Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
17 Исраил патшасы Бағаса Яһудаға қарсы аттанып, Яһуда патшасы Асаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін Рамақ қаласын+ соға бастады*+. 18 Сонда Аса патша Ехобаның үйі мен патша сарайының қазынасындағы бар алтын мен күмісті алып, қызметшілерінің қолына берді де, Дамаскіде тұратын Сирия патшасы Бен-Хададқа жұмсады+. Бен-Хадад Хезионның немересі, Табримонның ұлы еді. Аса патша оған: 19 “Екеуміздің де, әкелеріміздің де арасында жасасқан келісім бар емес пе?! Мен сізге сый ретінде алтын-күміс жіберіп отырмын. Исраил патшасы Бағаса менің жерімнен кері шегіну үшін, келіп, онымен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз”,— деген сәлем жолдады.
-