-
Патшалар 1-жазба 8:33, 34Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
33 Халқың Исраил саған қарсы күнә жасай бергендіктен жауларынан жеңіліп қалғанда+, өзіңе қайта оралып, есіміңді мадақтаса+, әрі осы үйде өзіңе дұға етіп, ықыласыңды түсіруді жалбарына сұраса+, 34 оларды көктен естігейсің. Халқың Исраилдің күнәсін кешіріп, өзің ата-бабаларына сыйлаған жерге қайтарғайсың+.
-
-
Шежірелер 2-жазба 6:28—30Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
28 Осы жер қандай пәлеге ұшырап, қандай ауруға шалдықпасын+ — мейлі, аштық+ не індет+ жайласын, аптап жел тұрсын, егін көгеріп шірісін+, көшпелі шегіртке не обыр шегіртке басып кетсін+, қалалары жау қоршауында қалсын+ — 29 әлдекім не күллі Исраил халқы қандай да бір мәселемен саған дұға етсе+ яки ықыласыңды түсіруді өтініп+ (себебі әркімнің өз бақытсыздығы мен азабы өзіне аян+), осы үйге қарай қолын жайса+, 30 оларды көктен, өз тұрағыңнан+, ести көр. Оларды кешіре көр+, әрқайсысына ісіне сай қарымтасын қайтара көр, өйткені сен олардың жүректерінде не барын білесің (әр адамның жүрегінде не бары өзіңе ғана аян ғой+).
-