-
Даниял 4:34, 35Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
34 Сол уақыт аяқталғанда+, мен, Навуходоносор, көкке қарадым, сонда қайтадан ақыл-есім кірді. Мен Алла Тағаланы мадақтап, мәңгі жасайтын Құдайды дәріптеп, даңқтадым. Өйткені оның билігі — мәңгілік билік, патшалығы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады+. 35 Жер бетінің күллі тұрғыны оның жанында түк те емес. Ол көктегі періштелерге де, жер бетінің тұрғындарына да өз еркіне сай әрекет етеді. Оған тосқауыл жасай алатын+, “Не істеп жатырсың?” дей алатын ешкім жоқ+.
-