-
Мұсаның 4-жазбасы 28:11—13Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
11 Әр айдың басында Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа екі жас бұқа, бір қошқар және еш кемістігі жоқ бір жасар жеті еркек тоқты шалыңдар+. 12 Сондай-ақ әр бұқамен бірге астық тартуы+ ретінде ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал қошқармен+ бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып алып келіңдер. 13 Әрбір еркек тоқтымен бірге астық тартуы ретінде ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып әкеліңдер. Бұлар — түгел өртелетін құрбандық, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын тарту+.
-