-
Естер 9:1, 2Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
9 Патшаның жарлығы мен заңы он екінші айдың, яғни адар айының, он үшінші күнінде+ жүзеге асуы керек еді+. Сол күні жаулары яһудилерді күйретеміз деп үміттенген болатын, бірақ бәрі керісінше болып, яһудилерді жек көрген олардың өздері күйреді+. 2 Ахашверош патшаға+ бағынышты барлық аймақтағы яһудилер өз қалаларында жиналып, қиянат жасамақ болғандарды мерт қылды. Яһудилердің алдында халықтарды қорқыныш билегендіктен, ешкім оларға қарсы тұра алмады+.
-
-
Естер 9:16, 17Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
16 Патшаға бағынышты аймақтардағы басқа яһудилер де жиналып, өз өмірлерін қорғаған болатын+. Олар жауларынан кек алып+, өздерін жек көретін 75 000 адамды өлтірді, бірақ олардың мал-мүлкіне тиіскен жоқ. 17 Бұл адар айының он үшінші күні болған еді. Ал он төртінші күні олар шайқасты тоқтатып, сол күнді қуанышпен тойлауға арнады.
-