11 —Ал енді, балам, Ехоба саған жар болсын. Лайым ісіңде табысқа жетіп, өзі айтқандай, Құдайың Ехобаға арнап үй салғайсың+. 12 Ехоба сені Исраилдің билеушісі еткенде, Құдайың Ехобаның заңынан таймауың үшін+, ол саған ақыл мен түсінік сыйлай көрсін+.
19 Ұлым Сүлейменге де бұйрықтарыңды, ескертулерің мен жарлықтарыңды бар жүрегімен+ орындауға+ және мен қажеттінің бәрін даярлап қойған+ ғибадатхананы* салуға көмектесе көр”.
5 “Міне, мен Дәуіттің әулетінен әділ өскін*+ шығаратын күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.— Ол патша болып+, ақыл-парасатпен билік етеді, осы жерге әділет пен әділдік орнатады+.