-
Самуилдің 2-жазбасы 7:12—15Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
12 Күндерің таусылып+, ата-бабаларыңа қосылғаныңда, артыңнан бір ұрпағыңды, өз ұлыңды тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын+. 13 Менің есімімді даңққа бөлейтін үйді сол салады+. Мен оның патшалық тағын берік етіп, мәңгіге орнықтырамын+. 14 Мен оның әкесі, ал ол менің ұлым болады+. Жамандық жасаса, оны адамдардың таяғымен жөнге салып, адам баласының* дүресімен жазалаймын+. 15 Саған дейінгі Саулды айнымас сүйіспеншілігімнен айырдым+, ал оны ешқашан айырмаймын.
-
-
Зәбүр 132:11Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
11 Ехоба Дәуітке ант берді,
Әрі мына сөзінен бас тартпайды:
“Өзіңнен тараған ұрпағыңның бірін
Сенің тағыңа отырғызамын+.
-