-
Билер 6:1—5Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
6 Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Ехобаға ұнамсыз істер жасай бастады+. Сондықтан Ехоба оларды жеті жылға мадияндықтардың қолына берді+. 2 Мадияндықтардан қысым көрген олар тауларда, үңгірлер мен жету қиын жерлерде жасырынатын орындар* жасап алды+. 3 Исраилдіктер егін ексе, мадияндықтар, амалектіктер+ мен шығыс тұрғындары+ оларға шапқыншылық жасайтын. 4 Олар Исраилге қарсы қос тігетін де, жердің өнімін сонау Газаға дейін жойып жіберетін. Елде азық-түлік те, ірілі-ұсақты мал да, есек те қалдырмайтын+. 5 Жау малдарымен, шатырларымен келіп, шегірткедей қаптайтын+. Себебі өздері де, түйелері де сансыз көп еді+. Олар жерді талан-тараж етіп құртуға келетін.
-