8 Жер шайқалды, дүмпіді+,
Көктің іргесі де дірілдеді+,
Себебі Құдай қаһарына мінді+.
9 Мұрнынан түтін будақтап, аузынан жойқын от лаулады+,
Тұла бойынан қызған шоқ атқылады.
10 Құдай көкті иіп, төмен түсті+,
Аяғының астына қара бұлт үйірді+.
11 Ол керубке мініп+, ұшып келді,
Рухтың қанатынан көрінді+.
12 Ол түнекке оранды,
Айналасына жаңбырлы қара бұлт үйірді,
Өзіне оны шатыр етті+.
13 Алдындағы жарықтан қызған шоқ шашырады.
14 Көктен Ехоба күн күркіретті+,
Құдай Тағала даусын гүрілдетті+.
15 Жебе атқылап+, жауларын жан-жаққа бытыратты,
Найзағай ойнатып, әбден абдыратты+.
16 Ехобаның сөгісінен, танауының екпінді лебінен+
Теңіз түбі көрінді+,
Жердің негіздері жалаңаштанды.