-
Самуилдің 1-жазбасы 22:17, 18Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
17 Сосын қасындағы сақшыларға былай деп бұйырды: “Барыңдар, Ехобаның діни қызметкерлерін өлтіріңдер! Бұлар да Дәуіттің жағында: оның қашып бара жатқанын біле тұра, маған хабарламады”. Алайда қызметшілері Ехобаның діни қызметкерлеріне қол көтергілері келмеді. 18 Сонда патша Дойыққа+: “Бар, оларды сен өлтір!”— деп бұйырды. Сол-ақ екен едомдық+ Дойық барды да, діни қызметкерлерді қырып салды. Сол күні ол зығыр ефод киген 85 кісіні өлтірді+.
-
-
Патшалар 1-жазба 2:29Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 Сүлеймен патшаға “Жоғаб Ехобаның шатырына қашып кетіпті. Сол жерде құрбандық ошағының жанында тұр екен” деген хабар жетті. Сонда патша Еходай ұлы Бенаяхқа: “Бар да, оны өлтіріп таста!”— деп бұйырды.
-