-
Римдіктерге 1:20, 21Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
20 Оның көзге көрінбейтін қасиеттері — мәңгілік күші+ мен құдайлық болмысы+ — дүние жаратылғаннан бері айқын. Бұларды оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады+, сондықтан олар Құдайды біле алмадық деп еш ақтала алмайды. 21 Өйткені олар Құдайды білсе де, оны Құдай деп мадақтамады, ризашылық та білдірмеді. Қайта, мән-мағынасыз ойға беріліп, надан көңілдерін түнек басты+.
-