31 Немесе өзге бір патшаға қарсы жорыққа шыққан патша келе жатқан қарсыласының 20 000 әскеріне өзінің 10 000 әскерімен төтеп бере алар-алмасын алдымен ақылдасып алмай ма? 32 Егер күші жетпейтінін көрсе, қарсыласы әлі алыста келе жатқанда, оған өкілдерін жіберіп, бітімге келуді сұрайды.