21 Ехоба күндіз жол көрсету үшін бұлт бағанасы+, ал түнде жарық түсіру үшін от бағанасы арқылы халықтың алдында жүріп отырды. Осылай олар күні-түні жол жүре алды+.
15 Киелі шатыр, яғни куәлік сандығы тұрған шатыр, құрылған күні+ бұлт соның үстіне келіп тұрды. Бұлт кеш батқаннан таңертеңге дейін от тәрізді жарқырап тұрды+.
4 оған былай деді: “Ана жас жігітке жүгіріп барып, мынаны айт: —Иерусалимде адам мен мал көбейетіндіктен+, ол ашық елді мекен* сияқты болады+. 5 Өзім оны отты қабырға іспетті қоршаймын+,— дейді Ехоба,— сөйтіп, ішін даңқыма толтырамын+”.