-
Мұсаның 1-жазбасы 46:5—7Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
5 Жақып Бер-Шебадан жолға шықты. Исраилдің ұлдары әкелері Жақыпты, бала-шағалары мен әйелдерін перғауын жіберген арбаларға отырғызып алды. 6 Өздерімен бірге Қанахан елінде жинап-терген бар мал-мүлкін де алып жүрді. Сөйтіп, Жақып бүкіл отбасымен Мысырға келді. 7 Ол Мысырға ұл-қыздары мен немерелерін — күллі үрім-бұтағын көшіріп әкелді.
-