29 Исраил патшасы Пекахтың тұсында Ассирия патшасы Тиглатпаласар+ елге шабуыл жасап, Ион, Әбел-Бет-Мағақ+, Янұх, Кедеш+, Хасор, Ғалақат+, Ғалилеяны және бүкіл Нафталим жерін+ басып алып, тұрғындарын Ассирияға айдап әкетті+.
8 Бұған қоса, Ахаз Ехобаның үйі мен патша сарайының қазыналарындағы алтын мен күмісті жинап алып, Ассирия патшасына пара берді+. 9 Сонда Ассирия патшасы оның өтінішін орындап, Дамаскіге аттанды да, қаланы жаулап алды. Ол қала тұрғындарын Кирге жер аударды+, ал Ресинді өлтіріп тастады+.
3 Бұдан кейін мен пайғамбар әйелмен* жақындастым. Ол аяғы ауырлап, уақыты жеткенде ұл туды+. Сонда Ехоба маған мынаны айтты: “Баланы Махер-Шелал-Хаш-Баз деп ата. 4 Себебі ол тілі шығып, “әке”, “апа” дей бастағанша, Дамаскінің байлығы мен Самарияның олжасы Ассирия патшасының алдына апарылады+”.