-
Матай 4:13—16Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
13 Кейін ол Назареттен шығып, Забулон мен Нафталим аймақтарындағы теңіз жағалауында орналасқан Қапарнаумға+ келіп, сол жерде тұрды. 14 Осылайша Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөздер орындалды: 15 “Уа, теңізге барар жолдағы әрі Иорданның арғы жағындағы Забулон жері мен Нафталим жері — басқа ұлттар мекендейтін Ғалилея! 16 Түнекте отырған халық ғаламат нұрды көріп, өлім көлеңкесінде отырғандарға нұр+ төгілді+”.
-