8 Бұған қоса, Ахаз Ехобаның үйі мен патша сарайының қазыналарындағы алтын мен күмісті жинап алып, Ассирия патшасына пара берді+. 9 Сонда Ассирия патшасы оның өтінішін орындап, Дамаскіге аттанды да, қаланы жаулап алды. Ол қала тұрғындарын Кирге жер аударды+, ал Ресинді өлтіріп тастады+.