3 Мен былай дедім: “Тыңдаңдаршы, Жақыптың басшылары,
Сендер де, Исраил үйінің билеушілері+.
Сендер әділдіктің не екенін білулерің керек емес пе?
2 Алайда жақсылықты жек көріп+, жамандықты жақсы көресіңдер+,
Халқымның үстінен терісін, сүйектерінен етін сылып аласыңдар+.
3 Халқымның етін жеп+,
Терісін сыдырып аласыңдар.
Қазанға салып қайнататын еттей,
Оларды мүшелеп, сүйектерін сындырасыңдар+.