-
Шежірелер 2-жазба 34:20, 21Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
20 Бұдан кейін ол Хелкияға, Шафан ұлы Ахиқамға+, Миха ұлы Абдонға, хатшы Шафанға және қызметшісі Асаяға былай деп тапсырды: 21 “Барып, Ехобадан менің атымнан және Исраилдің тамтығы мен бүкіл Яһуданың атынан табылған кітаптағы сөздер туралы сұрап келіңдер. Өйткені ата-бабамыз осы кітапта жазылған нұсқауларды орындамай, ондағы Ехобаның сөздеріне мойынсұнбады. Сондықтан бізге төгілгелі тұрған Ехобаның қаһары зор”+.
-
-
Еремия 39:13, 14Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
13 Содан бас қорғаушы Набузардан, рабсарис Набушазбан, рабмаг Нергал-Шарезер және Бабыл патшасының басқа да лауазымды адамдарының бәрі кісі жіберіп, 14 Күзетші ауласында қамауда отырған Еремияны алдыртты+. Сөйтіп, оны Шафанның+ немересі, Ахиқамның+ ұлы Ғодалияхтың+ қолына беріп, өз үйіне апаруды тапсырды. Осылай Еремия халықтың арасында тұрып жатты.
-