-
Мұсаның 5-жазбасы 12:29—31Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 Ехоба Құдайларың алдарыңдағы халықтарды жойып, сендер олардың жерін басып алып+, қоныс тепкеннен кейін, 30 көзі жойылған сол халықтарға еліктеп, торға түсіп қалудан сақ болыңдар. “Осы халықтар құдайларына қалай құлшылық етті екен? Мен де солай істейінші”+,— деп, солардың құдайлары жайлы сұрастырып жүрмеңдер. 31 Ехоба Құдайларыңа солар сияқты ғибадат етпеңдер. Өйткені олар өз құдайларына табынған кезде Ехобаға жеркенішті де жексұрын нәрселер істейді, тіпті тәңірлеріне арнап ұл-қыздарын өртейді+.
-
-
Езекиел 20:31Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
31 Жеркенішті пұттарыңа құрбандық ретінде ұлдарыңды отқа тастап, әлі күнге дейін өздеріңді арамдап жүрсіңдер ғой+?! Осыларыңа қарамастан, ей, Исраил үйі, сендердің сұрақтарыңа жауап беруім керек пе+? Өз атыммен ант етемін*, мен сендердің сұрақтарыңа жауап бермеймін+! Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба.
-