-
Мұсаның 2-жазбасы 34:6, 7Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
6 Ехоба оның алдынан өтіп бара жатып, былай деді: “Ехоба, Ехоба — мейірімді+ де жанашыр+, ашулануға асықпайтын+, айнымас сүйіспеншілігі мол+ және әрдайым сөзіне адал*+ Құдай. 7 Ол айнымас сүйіспеншілігін мыңдаған ұрпаққа көрсетеді+. Теріс қылықты, қылмыс пен күнәні кешіреді+, бірақ кінәліні ешқашан жазасыз қалдырмайды+. Әкелері жасаған күнәнің салдарын ұлдары мен немерелеріне, шөберелері мен шөпшектеріне тартқызады+”.
-
-
Еремия 46:27, 28Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
27 Ал сен, қызметшім Жақып, қорықпа,
Уа, Исраил, үрейленбе+.
Мен сені алыстағы жерден,
Үрім-бұтағыңды тұтқындағы елден құтқарамын+.
Жақып қайтып оралып, тыныш та алаңсыз өмір кешеді,
Ешкім оны қорқытпайды+.
28 Сондықтан қорықпа, қызметшім Жақып, мен саған жар боламын.
Сені тиісінше жөнге саламын+,
Бірақ жазасыз қалдырмаймын,— дейді Ехоба”.
-