-
Патшалар 2-жазба 25:8—10Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
8 Бесінші айдың жетінші күні, яғни Бабыл патшасы Навуходоносордың билік құруының он тоғызыншы жылы, бас қорғаушы әрі Бабыл патшасының қызметшісі Набузардан+ Иерусалимге келді+. 9 Ол Ехобаның үйіне+, патша сарайына+ және қаладағы үйлердің бәріне от қойды+. Сондай-ақ барлық беделді адамдардың үйлерін өртеп жіберді+. 10 Бас қорғаушымен келген күллі халдей әскері Иерусалимді қоршаған қабырғаны қиратты+.
-