-
Мұсаның 4-жазбасы 3:6—8Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
6 “Леуі руын+ діни қызметкер Харонның алдына әкел. Олар оған қызмет етсін+. 7 Леуіліктер кездесу шатырының алдында қызмет етіп, Харон мен бүкіл қауымның алдындағы міндеттерін атқарсын. 8 Олар кездесу шатырының барлық құрал-жабдықтарына күтім жасасын+ және киелі шатырға байланысты қызметтерді атқарып+, исраилдіктердің алдындағы міндеттерін орындасын.
-
-
Шежірелер 1-жазба 9:22, 23Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
22 Қақпа күзетуге тағайындалғандардың жалпы саны — 212. Олар шежіре жазбасына тіркелгендері+ бойынша елді мекендерінде тұрып жатты. Сенімді кісілер болғандықтан, Дәуіт пен көреген* Самуил+ оларды осы қызметке тағайындаған. 23 Олар ұлдарымен бірге Ехобаның үйінің қақпаларын және киелі шатырды күзетуге жауапты болатын+.
-